К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қыркүйек 15:20

QazaqGaz Aimaq «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына өз үлесін қосуда

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық газ шаруашылығы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан игілікті іске аудандық газ шаруашылығының қызметкерлері де өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Адам – табиғаттың төл перзенті. Демек, айналамыздағы тазалықты сақтау міндетіміз, туған өлкені көркейтуге үлес қосу парызымыз болып табылады.