К 30-летию Независимости Казахстана | 03 ноября 18:12

«QazaqGaz» АҚ-да Басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды

 

Геологиялық барлау және перспективалық жобалар бағытын Асылжан Дәулетов, ал экономика мен қаржы саласын Жанболат Мирманов басқарады. Асылжан Дәулетовтың мұнай-газ геологиясы саласында жетекші компанияларда көп жылдық тәжірибесі бар. Ол Imperial College London оқу орнын «Мұнай-газ геологиясы» мамандығы бойынша тәмамдап, ғылым магистрі дәрежесін алған.

Сондай-ақ Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тау-кен инженер-мұнайшысы біліктілігімен тәмамдаған. Schlumberger Logelco Inc., «Сәтпаев Оперейтинг» ЖШС, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС компанияларында қызмет етіп, геология жөніндегі бас директордың орынбасары лауазымын атқарған.

Жанболат Мирманов Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын «Қаржы» мамандығы бойынша және Атырау мұнай және газ институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша аяқтаған.

Deloitte, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Теңіз Сервис» ЖШС сияқты жетекші халықаралық және қазақстандық компанияларда, сондай-ақ қаржы ұйымдарында басшылық қызметтер атқарған. QazaqGaz компаниясындағы тағайындауға дейін «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС-де экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. Оның корпоративтік қаржы, жобаларды басқару және мұнай-газ кәсіпорындарының стратегиялық дамуы саласында терең білімі мен тәжірибесі бар.