Қосымша қаражат қордың портфельдік компанияларының серіктестері мен еншілес кәсіпорындарынан түсуде. Бүгін «QazaqGaz» АҚ еншілес компаниясы – «Азиялық Газқұбыры» ЖШС бірыңғай қайырымдылық операторына «Samruk-Kazyna Trust» 1 млрд теңге бөлді. Қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес, бұл қаражат зардап шеккен өңірлерде әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
«Азиялық Газқұбыры» – Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорны. Компания ҚХР бағытында түрікмен және өзбек газының транзитін, қазақстандық газдың ҚХР-ға экспортын, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен үздіксіз қамтамасыз етеді.
Осыған дейін «QazaqGaz» АҚ тағы бір еншілес кәсіпорны «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ 1 маусымда өткен ерекше балаларды қолдауға бағытталған «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонына 9,2 млн теңге аударды. Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қордың портфельдік кәсіпорындарының серіктестері мен еншілес ұйымдарынан 1,4 млрд теңге түсті.