Мейірбек Ихсанов жылу беру маусымында Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматы қаласының тұрғындарын, коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындарын газбен жабдықтаудың барлық нысандарының көгілдір отынмен қамтамасыз етуге дайындығы туралы есебін тыңдады.
Сонымен қатар, «QazaqGaz Өнімдері» ЖШС Алматы өндірістік филиалының автокөлік және авариялық арнайы техникасының жай-күйіне қатысты мәселелер талқыланды. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Алматы МГҚБ және QazaqGaz Aimaq филиалдарының ұжымдары мерзімінен бұрын 2-ЖЭО және 3-ЖЭО энергокешендерін газдандыру бойынша 4 ірі жобаның құрылысын, атап айтқанда, «2-ЖЭО» және «3-ЖЭО» АГТС-тері, ТИП-04 тұйықтағышының және «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбырының екінші желісінің құрылысын сәтті аяқтағанын атап өтті.
Сонымен қатар, Мейірбек Ихсанов QazaqGaz Aimaq Алматы филиалының жаңа әкімшілік ғимаратында болып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қызметкерлерді Құрмет грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ кездесу барысында ұжымның әлеуметтік мәселелері мен әлеуметтік-еңбек қатынастары да сөз болды.