Келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америкаға жасаған сапары аясында жасалды.
Тараптар технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, күкірт диоксидін жинау, тазарту, кептіру және өңдеу, күкіртті өндіру және өңдеу, газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жобаларда бірлескен жұмыс мүмкіндігін қарастыруда.
Сонымен қатар, құзыретті орталық және персоналды оқыту, процестерді автоматтандыру және цифрландыру бағытында да бірлесіп жұмыс істеу көзделген.