Құжат компанияларға қазақстан газын Қытайға экспорттау бағытындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ҚР делегациясының қатысуымен аспан асты елінде өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» саммиті аясында бекіді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері QazaqGaz басшысы China National Petroleum Corporation (CNPC), PetroChina International және TapLine компанияларымен жаңа экспорттық Келісімшарттың шарттары мен перспективаларына қатысты бірқатар келіссөздер жүргізген болатын.