Іс-шара этикалық мінез-құлық стандарттарын, меритократия қағидаттарын және бизнес-процестердің ашықтығын нығайтуға бағытталған. Іс-шара аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен ұлттық компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары» құжатына қол қойды.
«QazaqGaz-да комплаенс қызметі іс жүзінде жаңадан енгізілді. Компаленс қызметіне Директорлар кеңесінен бастап, әрбір жеке бөлімшеге дейін, басқарудың барлық деңгейлерінде қолдау көрсетіледі. Қызметкерлердің комплаенсты қағаз жүзіндегі дүние ғана емес, күнделікті қызметтің міндетті бөлігі ретінде қабылдауын мақсат тұтамыз», - деді QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов.
Сонымен қатар, “QazaqGaz” ҰК” АҚ Комплаенс қызметінің жетекшісі Арман Таиров биылғы жылдың 9 айының қорытындысы туралы есеп берді. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметі басшысының орынбасары Жігер Байділдин мен «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Асқар Дәрменов баяндама жасады. Іс-шараға арнайы шақырылған сарапшы Жомарт Исмагулов “Жемқорлықпен күрес жүйісінің менеджменті” тақырыбында сөз сөйледі.
Іс-шара барысында “QazaqGaz” ҰК” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Нұрлан Аханзарипов компаниядағы комплаенс қызметін дамытудың стратегиялық көзқарасын білдірді. Компания басшылығы әлемдік озық тәжірибелерді біріктіру және ішкі мониторинг пен бақылау тәжірибесін кеңейту жоспарларын белгіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне, олардың енгізілуі мен тиімділігіне ерекше назар аударылды.