Тараптар келесі бағыттар бойынша серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады:
Қазақстандағы газ активтерін геологиялық барлау; «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының екінші тармағы; Өңдеу қуаттылығы жылына 4 млрд текше метрді құрайтын Қашағандағы екінші газ өңдеу зауытының құрылысы; Қытайға газ экспорты мәселесі.Санжар Жаркешов серіктестерге ұзақ жылдар бойы бірлескен ынтамақтастық үшін алғыс білдірді. «QazaqGaz және CNPC – соңғы жылдары елімізде көптеген мегажобаларды іске асырған стратегиялық серіктестер. Осындай сәтті нәтижелер негізінде, өңірлік масштабтағы жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асырамыз деген сенімдемін», – деді QazaqGaz басшысы.
Бұдан басқа, QazaqGaz басшысы CNPC компаниясының геологиялық барлау мен өңдеуге арналған ғылыми-зерттеу институтына барып қайтты. Кездесу аясында Санжар Жаркешов орталықтың қызметімен танысып, Қазақстанның геологиялық барлау бағыты туралы ақпарат берді.
«CNPС-дің ғылыми-зерттеу институтын біздің технологиялық серіктес ретінде қарастырып жатырмыз. CNPC-мен бірлесіп, Қазақстанның дәстүрлі емес су қоймалары, жерасты газ қоймалары мен газ тасымалдау жүйесін модернизациялауда өзіміздің «QazaqGaz ҒТО» ғылыми техникалық орталығымыздың құзыретін арттыра аламыз», – деді Санжар Жаркешов.
Айта кетейік, бұған дейін QazaqGaz ұлттық компаниясы ғылыми-техникалық орталық құру және ғылыми-зерттеу базасын нығайтуға басымдық беретінін хабарлаған болатын.