Санжар Жаркешов Dragon Oil Директорлар Кеңесінің төрағасы Саид Мохаммед Аль-Таир және Petromal Sole Proprietorship L.L.C бас атқарушы директоры Эйас Аломузбен кездесті.
Dragon Oil компаниясымен қол жеткізілген келісім жаңа газ кен орындарын өңдеу мен елімізде жер қойнауын геологиялық зерттеуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, Petromal компаниясымен келісім газ кен орындарын бірлесіп өңдеу, еліміздің жер қойнауын геологиялық зерттеу, сонымен қатар газ өңдеу зауыттарының құрылысы аясында серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Қол қойылған құжаттар ел бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Бұдан басқа меморандумдар коммерциялық байланыстарды ұлғайтуға, екіжақты инвестициялар көлемін арттыруға, сонымен қатар екі ел арасында технологиялық алмасуға негіз болады.