Тараптар еліміздің газ саласын реформалау аясында серіктестік орнату туралы сөйлесті. Сонымен қатар, оларды тауарлық газға белгіленген формуланың өзгеруі де қызықтырып отыр. Санжар Жаркешов инвесторлармен экономикалық тұрғыдан тиімді принципі арқылы жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.
Оның айтуынша мұндай қадам инвестициядан бөлек, ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, QazaqGaz және Eni Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы аясында серіктестік орнату мүмкіндігін де талқылады.
Eni – италиялық ірі мұнай-газ компаниясы. Eni Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметін Батыс-Қазақстан облысындағы Қарашығанақ және Солтүстік Каспийдің таяз суларындағы кен орнында жүргізеді.