Бұл ынтымақтастық Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында және «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еліміздегі газдың ресурстық базасын ұлғайту стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда.
Аққұдық учаскесі Маңғыстау шөгінді бассейнінің газды аймағында орналасқан, ол жерден газ және газ конденсатты кен орындарын табу мүмкіндігі жоғары болып саналады.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының шөгінді бассейндерін талдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Ұлттық газ компаниясы көмірсутегі шикізатын өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп жүзеге асыруда қазақстандық және халықаралық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.