Келіссөздерге NCOC консорциумының, Eni, INPEX, KMG Kashagan B.V., Қазақстандағы ExxonMobil, Total E&P компанияларының басшылары қатысты. Кездесу барысында «Ескене LPG» ЖШС сұйытылған газ терминалының құрылысы бойынша жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны туралы баяндады.
Жоба бойынша жабдықты сатып алу белгіленген мерзімде басталып, келісім-шартқа қол қою белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Құрылыс пен пайдалануға берудің кешігуіне жол бермеу үшін жеткізу мерзімдерінің сақталуын бақылауға ерекше назар аударылуда. Жабдықтардың барлық санаттарының жеткізілу бағыты тұрақты түрде бақыланады.
Өз кезегінде NCOC басшылығы мен акционерлерінің өкілі бекітілген кестеден ауытқымай, жұмыстардың жедел әрі уақтылы орындалып жатқанына ризашылықтарын білдірді.
Айта кету керек, жобаның аймақ үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, өйткені Қашаған кен орнындағы сұйытылған мұнай газын коммерцияландыру Қазақстанның ішкі нарығындағы сұйытылған мұнай газының тапшылығын айтарлықтай азайтып, елімізді газбен тұрақты қамтамасыз етеді.