К 30-летию Независимости Казахстана | 30 марта 16:17

QazaqGaz және TAPline ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

QazaqGaz ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Акбар Тулегенов TAPline компаниясы бас директорының орынбасары Чжан Пэн бастаған делегациямен келіссөздер жүргізді. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, технологиялық инновацияларға инвестиция тарту бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар QazaqGaz-дың Ғылыми-техникалық орталығын тарту арқылы, ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды күшейтуге уағдаласты. Сонымен қатар компаниялар инновацияларды, зерттеулер мен әзірлемелерді басқарудағы тәсілдерді жақсарту үшін тәжірибе алмасуды арттыруға келісті.

 

Одан бөлек, тараптар бес жылдық мерзімге арналған бірлескен жобалар портфелін қалыптастыру мәселесін қарастырды. Ықтимал бағыттардың қатарында Қазақстан—Қытай магистральдық газ құбырының энерготиімділігін көп деңгейлі бағалау әдісі арқылы зерттеуге бағытталған жобаны іске қосу да бар