Келісімдердің бірі «КС-14» компрессорлық станциясы және Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы «КС-14 – Қостанай» магистральды газ құбырының құрылысына инвестиция тартуды көздейді. Бұл өңірлерді газдандыру, Қостанай облысында ірі жобаларды жүзеге асыру бағытында қолға алынған стратегиялық маңызды жоба.
Сонымен қатар, тараптар еліміздің оңтүстігі мен орталығы үшін маңызды нысан, қуаты жылына 15 млрд текше метрді құрайтын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының екінші тармағын салу бойынша келісімге келді.
Бұдан басқа, Қашағанда қуаты жылына 1 млрд және 2,5 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауыттарын салу бойынша екі келісім жасалды. Зауыттардың құрылысы елімізде тауарлық газ ресурсының артуына ықпал етеді.
Айта кетейік, 14 ақпанда «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен UCC Holding жалпы сомасы 11 млрд долларды құрайтын төрт келісімге қол қойды.