Күзгі-қысқы кезең апатсыз өтіп, тұтынушылар санының өсуіне қарамастан, компания тұрғындарды газбен тұрақты қамтамасыз етті. Жылыту маусымына кешенді дайындық газ инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді: жөндеу және диагностика жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ апаттық қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, магистральдық газ құбырларында шамамен 8 мың құбыр секциясы жөнделді. Ең жоғары жүктеме кезеңінде компания жерасты газ қоймаларын пайдаланды. Жылыту маусымы кезінде олардан шамамен 2,4 млрд текше метр газ алынған. Осылайша, жылыту маусымы қалыпты режимде аяқталуға жақын. Оңтүстік өңірлерде газбен жабдықтау жүйелері жазғы жұмыс форматына көшіріле бастады.
Сонымен қатар, QazaqGaz келесі маусымға дайындықты бастап та кетті: компания инфрақұрылымды жаңғыртып, тұтынушыларға газды қауіпсіз пайдалану туралы ақпарат тарату жұмыстарын күшейтуде.