«Биыл біз дайындық жұмыстарын мамырда бастап кеттік, ондағы мақсат – жоспарды асыра орындап, жылыту маусымына тас түйін дайын болу. Күз, қыс мезгілдерінің жайлы өтуі осы жұмыстардың дәл уақытында орындалуына тікелей байланысты», - деп атап өтті QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
Бүгінде жоспарды асыра орындап жатқан үздік үштікті атап өтуге болады: Қызылорда (81%), Талдықорған (77%) және Алматы (70%). Басқа өңірлер де орта жолдан асып жығылды.
Егер жалпы жоспар туралы айтар болсақ, оның орындалуы 60% асып кетті. Газ құбырларының жартысынан астамы аспаптық диагностика арқылы тексеріліп, газ тарату пункттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жалпы, негізгі дайындық шараларына техникалық жұмыстардың 21 түрі кіреді: құбырлардың бүтіндігін тексеру, жерасты және жер үсті желілерді жөндеу, газ құбырларындағы жабдықтың жай-күйін тексеру және ауыстыру. Бұдан басқа, жер асты газ құбырларының электр химиялық қорғаныс тиімділігі тексерілуде.
Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, ҚазТрансГаз Аймақтың барлық абоненттері алдағы жылыту маусымында газды еш қиындықсыз пайдалана алады. Бұл шамамен 11 миллион тұрғын және 55 мың кәсіпорынды құрайды.