К 30-летию Независимости Казахстана | 02 тамыз 16:21

QazaqGaz қызеткерлері «Stop ДТП» акциясына қатысты

2 тамызда QazaqGaz қызметкерлеріне арналған «Stop ДТП» акциясы ұйымдастырылды. Басты мақсат - компания қызметкерлеріне жол көлік оқиғаларын төмендету, көлік қозғалысы кезінде белдікті тағудың маңыздылығын түсіндіру.

Кампания аясында қызметкерлерге жолда орын алуы мүмкін тәуекелдер арнайы имитатор тренажердың көмегімен көрсетілді. Арнайы  құрылғы көліктердің бетпе-бет соқтығысқан жағдайына имитация жасайды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративті басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.

«Портфельдік компаниялардың 700-ден астам қызметкері имитатор тренажерды сынап көрді. Өз кезегінде бұл құрылғы сағатына 12 шақырымдық жылдамдықты алады, мұның өзі көліктердің бетпе-бет соқтығысқан жағдайында адамның қандай күйде болатынын түсінуге жеткілікті.  Сонымен қатар, бұл жерде қарапайым қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығын түсіндіреміз. «Самұрық-Қазына» АҚ үшін өндірістік қауіпсіздік мәселесі бірінші орында, біз мұндай іс-шараларды  ұдайы өткізіп тұрамыз», - деді Ғибрат Ауғанов.  

«STOP ДТП» кампаниясы 2023 жылдың сәуір айында Қостанай қаласында басталды. Бүгінге дейін Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларында ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін еліміздің орталық және оңтүстік өңірлеріндегі бөлімшелердің қызметкерлері де тренажер имитатордың мүмкіндігін сынап көреді. 

«Біздің қызметкерлер өздерінің қызметтік міндетін орындау барысында қалалар мен елді-мекендер арасында көлікті жиі қолданады. QazaqGaz жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, түрлі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады», – деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

Статистика Комитетінің мәліметінше тек өткен жылы елімізде 13,5 мың жол көлік оқиғасы тіркелген, 20 мыңға жуық адам зардап шеккен.