Жобаларды іске асырудың жай-күйін талқылау барысында Санжар Жаркешов белгіленген мерзімдерді сақтаудың және барлық тапсырмалардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесуде сондай-ақ, жұмыстың түрлі аспектілері, атап айтсақ, олардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір процестерді жеделдету қажеттігі талқыланды.
Қатысушылар алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізу үшін бекітілген кесте аясында нәтижелі серіктестікті жалғастырып жатқандарын атап өтті.