OGMP 2.0 серіктестігіне қосылу арқылы QazaqGaz ESG және орнықты даму қағидаттарын ұстанатын саланың әлемдік көшбасшылары қатарына енді.
Бүгінде бастамаға 140-тан астам ірі халықаралық және қазақстандық компания қатысады. Олардың қатарында Shell, BP, TotalEnergies, Chevron, Equinor, сондай-ақ NCOC, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (KPO) бар.
Осы бастама аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ норвегиялық Carbon Limits компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Бірлескен жұмыс компанияның өндірістік нысандарында кешенді мониторинг жүргізуге, шығарындылар көздерін түгендеуге және метан шығарындыларын азайтудың тиімді шешімдерін енгізуге бағытталады.