Аталған құжат Қазақстан мен Өзбекстанда геологиялық барлау жұмыстары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тараптар газ өңдеу, газды тарату мен есебін жасау, газ моторлы отын бағыты мен нарығын дамыту турасында тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Жаңадан құрылған «QazaqGaz ҒТО» ғылыми-техникалық орталығы аясында да тәжірибе мен өндіріске қажетті ақпарат алмасу жоспарланған.
Бұдан басқа QazaqGaz Басқарма басшысы Санжар Жаркешов Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен өңіраралық бизнес форумға қатысты.
Айта кетейік, «QazaqGaz ҰК» АҚ «QazaqGaz ҒТО» ғылыми-техникалық орталығы құрылды. ҒТО міндетінің аясына ғылымды коммерцияландыру, инжиниринг орталығын дамыту, газ саласындағы халықаралық көшбасшылардың тәжірибесін елге әкелу, отандық машина жасау саласын қолдау, сонымен қатар отандық мамандарды кәсіби даярлау мен олардың біліктіліктерін арттыру кіреді.
