Алынған 19,2 ESG-рейтингі тұрақты даму саласында компанияның тәуекелдері төмен екендігін және бизнесті жауапты жүргізудің жоғары стандарттарын дәлелдейді.
Sustainalytics рейтингінде ұлттық компания әлемдегі халықаралық газ компанияларының арасында 7 орын алды.
Осылайша, «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық масштабта да өз дәрежесін дәлелдеп отыр. Бұдан басқа, QazaqGaz басқа қазақстандық компаниялар арасында жоғары ESG-рейтингіне ие болды.