Магистралды газ құбырының құрылысы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған Үкіметтің іс-шаралар жоспарына енгізілген.
Талдықорған-Үшарал газ құбыры Жетісу өңіріндегі 66 елді-мекеннің 124 мың тұрғынын көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жоспарланған 302 шақырым құбырдың 100 шақырымнан астамы дәнекерленген.
Жұмыстар жоспарланған мерзімнен бұрын жүргізілуде, бұл жобаның кестеден бір жылға ерте аяқталуына мүмкіндік береді. Стратегиялық маңызды инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеміз.
QazaqGaz жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп нысан құрылысының барысын қатаң бақылауда ұстайды.