К 30-летию Независимости Казахстана | 30 қараша 14:40

QazaqGaz Technip Energies компаниясымен меморандумға қол қойды

Францияда  «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен Technip Energies N. V. бас операциялық директоры Марко Вилла өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында аталған келісімге қол жеткізіліп отыр.

Қол қойылған құжат тараптарға жобаларды басқару саласында, оның ішінде қуаттылығы жылына 1 млрд текше метрді құрайтын Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы шеңберінде сараптама алмасуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, компаниялар «QazaqGaz ҒТО» ғылыми-техникалық орталығының жұмысы шеңберінде құзыреттілікті арттыру саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, ұлттық компания Technip Еnergies N.V. кәсіпорнымен газды қайта өңдеу және энергетиканың жаңа көздеріне көшу мәселелері бойынша өзара байланысты арттырады.