К 30-летию Независимости Казахстана | 23 желтоқсан 17:47

QazaqGaz Теміртаудың «Оң жағалау» шағын ауданын газбен қамтыды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Теміртау қаласындағы «Оң жағалау» шағын ауданын газбен қамту жүйесіне қосу жұмыстарын сәтті аяқтады. QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов бірінші іске қосу кешені екінші кезегінің абоненттері үшін газ беру рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысының өңірлерді газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, газ тарату инфрақұрылымының құрылысы жүргізілуде. 1 және 2 іске қосу кешендерінің екінші кезегі іске қосылғаннан кейін, 1,7 мыңнан астам үй газға қол жеткізеді деп күтілуде.

«QazaqGaz Қарағанды, Теміртау елді-мекендерін және жақында құрылған Ұлытау өңірін белсенді түрде газбен қамтамасыз етуде. Бұл аймақ тұрғындары үшін жайлылық пен экологиялық жағдайды жақсартуға салынған инвестиция ғана емес, экономикалық дамудың драйвері. Біз «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры бойымен газ тасымалдау желісін кеңейтудің инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеу бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен тығыз серіктестікте жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деді ұлттық компания басшысы.

 

Оң жағалау тұрғындары газ желісіне қосыла бастады. Газдандыру ауданның көмірге тәуелділігін азайтады, сондай-ақ, болашақта ластаушы заттардың шығарындыларының деңгейін төмендетеді және экологиялық жағдайды жақсартады. Сонымен қатар, Санжар Жаркешов пен қала әкімі Ғалым Әшімов Қарағанды ​​облысындағы көгілдір отынға қосылған алты мыңыншы абоненттің үйінде болды.

 

Отбасына Құрмет грамотасы мен естелік сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ, қала тұрғындарына үй жағдайында табиғи газды пайдалану ережелерін сақтау және газ жабдықтарының жағдайын уақтылы тексеру қажеттігі ескертілді.