QazCloud компаниясының QazStore командасы халықаралық Digital Bridge форумының аясында өткен Қазақстанның ең үлкен хакатоны Decentrathon 4.0-да AI BCC-HUB трекінде I орын алды. Команда әзірлеушілері банктер үшін клиенттермен өзара әрекеттесуді жақсартатын, процестерді жеделдететін және қызметкерлердің рутиналық міндеттерін жеңілдететін AI шешімінің прототипін жасады. Жеңімпаз команда құрамында Ринат Жеткиншеков (Команда жетекшісі), Айнур Салемкан (Senior Frontend) және Алмат Шуйншбай (Middle Frontend). QazStore — QazCloud компаниясының электрондық сауда алаңы, заманауи онлайн қызметтердің қарапайымдылығын мемлекеттік деңгейдегі сенімділік пен қауіпсіздікпен біріктіруге бағытталған. Қазіргі уақытта жоба конкурсқа қатысу үшін құжаттар мен өтінім тапсырылды. 8 жылдық жұмыс барысында QazCloud IT-компаниясы республикалық деңгейдегі e-commerce платформалардың сенімді әзірлеушісі және операторы ретінде танылды. Компанияның цифрлық өнімдері еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған пайдаланушылар тарапынан сұранысқа ие болып, бизнесті және мемлекетті біртұтас цифрлық ортада біріктіреді!