К 30-летию Независимости Казахстана | 25 февраля 11:26

Рамазан айында пойыз вагон-ресторандары арнайы кестеге көшті

Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді. Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі.

Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында — сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады.

Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, рухани кемелдену мен ізгі тілектерін білдіреді.