К 30-летию Независимости Казахстана | 04 мамыр 15:40

Ресей және Беларусь азаматтарына биржалық сауда-саттыққа шектеу қойылады

«Қазпошта» АҚ есеп айырысулары халықаралық депозитарийлер, оған қоса Euroclear және Clearstream арқылы өтетін шетел валютасында шығарылған бағалы қағаздар бойынша Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы азаматтарының шоттарын сегрегациялауға қатысты «Қазақстан қор биржасы» АҚ хат алғанын хабарлады.

Шоттарды бөлу басталғаннан кейін KASE-де жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларда кідірістер туындауы және дефолт жағдайларына және биржа тарапынан айыппұл санкцияларына әкелуі мүмкін.

«Осыған орай, 2023 жылдың 15 мамырынан бастап KASE-дегі мәмілелер бойынша дефолттың алдын алу мақсатында брокер «Қазпошта» АҚ есеп айырысулары халықаралық депозитарийлерінде өтетін шетел валюталарында шығарылған құралдарға қолжетімділікті жабуды жоспарлап отыр» делінген «Қазпошта» АҚ хабарламасында.