Көпірдің іске қосылуы барысында Ресейден Қытайға қарай алғашқы құрам жүріп өтті.
Көпір құрылысы 2008 жылы Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасында жасалған келісім аясында жүзеге асырылды.
«Нижнеленинское — Тунцзян» бағытындағы бұл теміржол көпірінің ұзындығы 2,2 шақырымға созылған. Көпір пойыздардың кезектесіп өтуіне арналған, яғни ені екі түрлі стандарттағы пойыздар өте алады. Мәселен, Ресей пойыздарының ені – 1520 мм болса, Қытай пойыздарының ені – 1435 мм. Көпір өткелі жылына 20 миллион тоннаға дейін жүкті өткізуге қабілетті.
Жаңа көпірдің іске қосылуымен екі ел арасындағы жүк тасымал бағыты 700 шақырымға дейін қысқарған.