К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қараша 14:07

Ресейде пойыздың жоғарғы сөре жолаушыларының купе үстелін пайдалану құқығы заңдастырылмақ

Жоғары сөре жолаушылары купедегі үстелді тәулігіне екі сағат пайдалану құқығына ие болады, деп жазды Информбюро порталы.

Ресейде жоғарғы сөреден билет алған пойыз жолаушыларының купедегі үстелге жайғасып, тамақтану құқығы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап заңдастырылмақ. Ресейдің көлік министрі тиісті бұйрыққа қол қойды. 

Жоғарғы сөре жолаушылары үшін үстелді пайдалану уақытының кестесі белгіленеді. Оған сәйкес, жоғарғы сөре жолаушылары:

сағат 7.00-10.00 аралығында – жарты сағат; түскі 12.00-15.00 аралығында – бір сағат; кешкі 19.00-21.00 аралығында жарты сағат үстелде отырып тамақтануға құқылы.

Мұндай өзгеріс жолаушылар тарапынан түскен шағымның көбеюіне байланысты енгізіліп отыр.