К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қараша 10:00

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Маңғыстау мұнайшыларымен кездесті

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысының мұнай-газ саласы қызметкерлерімен кездесті. Олардың қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ басқармасы бастаған компания жұмысшылары да бар.

Кездесу барысында штаб басшысы Ерлан Қошанов, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары – Ақтау қаласындағы ҚМГ өкілдігінің басшысы Құрманғазы Есқазиев сайлаушыларға кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар туралы айтып берді.

Өз кезегінде мұнайшылар өндіріс көлемі артқан сайын қара алтын қорларының азайып бара жатқанын алға тартып, өңірдің энергетикалық болашағына қатысты бірқатар мәселелер көтерді. Оған қоса қатысушылар халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың маңызды мәселе екенін атап өтті.

 

Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары мұнай-газ секторының болашағына тоқталып, сайлауалды бағдарламада көрсетілген қауіпсіз еңбек ортасын құру және қызметкерлер құқығын қорғау шаралары туралы айтты. Оған қоса, еңбек мәселелерін барлық тараптардың пікірі мен ұсыныстарын ескере отырып, заң аясында шешу маңызы атап өтілді.

Сондықтан штаб мүшелері мұнайшылардың әділ және дамушы мемлекет қағидаттарын құру жолындағы жауапты шешім қабылданатын ауқымды шараға қатысуының ерекше маңыздылығын атап өтті.