Тараптар мемлекетаралық түйіспелі пунктерде жүктерді өткізуді синхронды дамыту, қосымша жүк ағындарын тарту, қағазсыз технология бойынша жүктерді тасымалдауды ұлғайту және түйіспелі станцияларда локомотив бригадалары мен локомотивтердің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін қарады.
Екі ел теміржол делегациялары «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің, Жолаушылар тасымалы үшін цифрлық шешімдердің дамуын талқылады.
Кездесуде ҚТЖ мен РЖД арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалатыны атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Тараптар стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының келесі отырысын Қазақстанда 2025 жылы өткізуге уағдаласты.