«Консорциум болатын шығар. Ең бастысы - қауіпсіздік. Сонымен қатар біз салынатын жаңа станса ең тың жобалық шешімдер мен өз саласының көшбасшысы саналатын өндіруші елдің озық технологиясы болғанына мүдделіміз. Сондықтан шешім конфигурация бойынша қабылданады. Онымен мен де, Алмасадам Майданұлы да (Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев) айналыспайды", - деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, арнайы жобалық топ құрылады.
"Ал орын алуы мүмкін саяси тәуекелдер туындаған сәтінде, яғни жобалау барысында қарастырылады. Егер мұндай жайт орын алса, онда түрлі компаниялармен, түрлі елдермен арадағы шартта санкциялық келісім болатындығы сөзсіз, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары БАҚ өкілдерінің сауалына орай.