Осыған орай жолаушылардан әуежайларда бейтаныс адамдардан сәлемдемелерді қабылдамауды сұраймыз. Өйткені бұл жолаушылардың өміріне және денсаулығына, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі ықтимал. Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайында бөгде кісілер сәлемдемелерді тасымалдаудан пайда табуды ұсынады. Мұндай сәлемдемелер әдетте жақсы жапсырылған және ішіндегісін тексеру мүмкін емес. Мұндай жағдайды лаңкестік ұйымдар пайдалануы мүмкін.
Бөгде адамдардың құжаттар мен жолжүкті жөнелту бойынша қызмет заңсыз болып есептеледі, себебі мұнда ӘҚБК 463 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері байқалады, әғни тіркеусіз/рұқсатсыз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметы туралы» ҚР Заңының 105 бабына cәйкес азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекетінің бірі қылмыстық мақсаттарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыны немесе материалды ұшақ бортында немесе әуежайда орналастыру.
Жолаушылардан қырағы болуды сұраймыз және тасымалданатын сәлемдеме үшін олар өздері жауап беретінін ескеру керек және сол сәлемдемелерде тасымалдауға тыйым салынған заттар, қадалғыш, тілгіші, жарылғыш және басқа да заттар болуы мүмкін.
Сәлемдемелерді Қазақстан, Қырғызстан және Ресей бойынша қауіпсіз тасымалдау үшін әуежайларда орналасқан әуекомпания кеңселерінде жедел-пошта қызметін пайдаланыңыздар.
Тасымалдауға қабылданатын заттар:
3 кг дейін дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар; 5 кг дейін авто бөлшектер; 5 кг дейін киім, аяқ-киім және тыйым салынбаған өзге заттар; 3 кг дейін жазбаша корреспонденция және сәлемдемелер; құжаттар.