К 30-летию Независимости Казахстана | 14 шілде 07:30

Сәтті жүзеге асқан «Сәтті»

«Сәтті» бұрғылау қондырғысының модификациясы аяқталды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Қондырғыны модификациялау Баку қаласындағы жабдықтау және логистика теңіз базасында жүзеге асырылды (Caspian Drilling Company Limited).

«Сәтті» бұрғылау қондырғысы – әлемдік стандарттарға сәйкес Қазақстанда толық салынған бірінші бұрғылау қондырғысы. Қазіргі уақытта қондырғы 6 мың метрден аса тереңдікте мұнай-газ ұңғымаларын тиімді бұрғылауды қамтамасыз ете алады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және SOCAR қондырғыны Каспий теңізінің әзірбайжандық бөлігіндегі Абшерон құрылымында бұрғылау жұмыстарында бірлесіп қолдануды жоспарлап отыр.