К 30-летию Независимости Казахстана | 03 декабря 10:42

SAF: Қазақстандағы экологиялық таза авиациялық отын

 

 

Жобаны ҚМГ және басты технологиялық серіктес компания LanzaJet жүзеге асыруда. Америкалық alcohol-to-jet технологиясын қолдана отырып, тұрақты авиаотын өндіретін болашақ зауыт Орталық Азияда бірінші болады.

Кәсіпорын Қостанай облысы, Рудный қаласында салынады деп жоспарланып отыр. Оның алдын ала қуаты — жылына 54 мың тонна авиаотын.

Жобаны іске асыру Қазақстанның негізгі халықаралық транзиттік авиахаб ретіндегі рөлін нығайтуға және еліміздің авиация тасымалының жаһандық нарықтағы позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.

SAF экологиялық отынының маңызы: SAF (Sustainable Aviation Fuel) — мұнайдан тәуелсіз, жаңартылатын ресурстардан өндірілетін экологиялық таза авиаотын. Дәстүрлі Jet A-1 авиакеросиніне қосып қолдану нәтижесінде парник газдарының шығарындысын 95%-ға дейін азайтуға болады.