К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қазан 10:31

Сағатына 180 шақырым: Үндістанда жүйрік электр пойызы жолға шықты

Пойыздың орташа жұмыс жылдамдығы – 91 км/сағат.

Үндістанда 16 вагоннан тұратын Vande Bharat Express электр пойызы іске қосылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мумбаи – Ахмадабад – Гандинагар бағытында жүретін пойыз 91 км/сағ жылдамдықпен 491 шақырымды жолды 5 сағат 45 минутта еңсермек. Пойыздың ең жоғары жылдамдығы – 180 км/сағат.  

Жаңа пойызда жолаушылардың жайлылығы үшін салқындатқыш жүйесі қарастырылған. Оған қоса есіктері де автоматты түрде ашылып, жабылады.

Жолаушылар отыратын орындықтар да өте ыңғайлы етіп жасалған және Wi Fi желісіне қосыла алады. Әр вагонға 32 дюймді экран қойылған, онда ақпараттық және көңілді контент көрсетіледі.