Илон Маск ойлап тапқан Hyperloop жобасы – жоғары жылдамдықты пойыздар жүретін вакуумды тоннель. Қытай соған ұқсас өздерінің көлік жүйесін құруды жөн санапты, келешекте ол пойыздардың сағатына 1000 шақырым жол жүруіне жағдай жасамақ. Егер ол іске асса жер бетіндегі ең жылдам көлік болатыны сөзсіз.
CASIC сынақ кешенін Датун қаласында тұрғызған. Оның құрамына ұзындығы 2 шақырымдық құбыр мен барлық қажетті құрал-жабдықтар кірген.
Капсула ішіндегі пойыз сынақ барысында 210 метрлі жолда жылдамдығын 50 км-ге дейін арттыра алған. Таяу жылдары пойыз жылдамдығын арттыра бермек, ең жоғары жылдамдығы сағатына 1000 шақырым.