К 30-летию Независимости Казахстана | 07 желтоқсан 08:30

«Саламатты Қазақстан» аясында 90 мыңға жуық адамға тегін медициналық көмек көрсетілді

Медициналық пойыз 8 айдың ішінде 17 облыстағы 121 шалғай станцияны қамтыды.

Пойыз 18 мың шақырымға жуық жол жүріп, 88 994 қазақстандықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосты. 194 593 кеңес беріліп, 11 308 шағын ота жасалды.

Айта кетейік, аталмыш жобаға «Самұрық-Қазына» Қоры 590 миллион теңге қаржы бөлген болатын.

 

Жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылды. Содан бері консультативтік-диагностикалық пойыз Қазақстанның 2 мыңға жуық шалғай елді мекендерін аралап, 650 мыңнан астам тұрғын мамандардың қызметін алған. 3,5 миллионнан астам диагностикалық процедуралар мен 26 мыңнан астам шағын амбулаториялық операциялар жасалды.