Теміржолдағы қызмет Алматы қаласында жоба серіктестері мен мамандарының қатысуымен өткен кездесуде қорытындыланды. Пойыз құрамында 29 тар бейінді дәрігер еңбек етті. Сапар барысында оларға 95 812 адам жүгінген, олардың әрбір үшіншісі — бала. Дәрігерлердің тексеруінің арқасында 2000-нан астам науқаста ауыр созылмалы дерт ерте кезеңде анықталды. Ерте диагностика ауыл тұрғындарының уақытылы медициналық жүйелі көмек алуына мүмкіндік берді.