К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қараша 10:39

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 17 қарашаға дейін Түркістан облысын аралайды

Ақжолтай құрам Түркістан облысына қарасты 8 бекетте қарашаның 17-не дейін қызмет көрсететін болады. Бекеттерге тоқтау кестесі суретте берілген.

Айта кетейік, медициналық пойыз өз жұмысын биыл сәуір айында бастады. Содан бері 60 мыңнан аса тұрғын мықты мамандардан тегін әрі сапалы көмек алып үлгерді.

Әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асыруда.

Түркістан облысынан кейін пойыз Жамбыл облысына аттанады. Ал, 6 желтоқсанда теміржолдағы денсаулық керуенінің қызметі қорытындыланады.