Денсаулық пойызының қызметіне алғашқы күні-ақ 120-ға жуық адам жүгініп, дәрігерлік кеңес алып, диагностикадан өткен.
Биыл медициналық пойыз құрамына маммографтың қызметі де қосылыпты. Ол онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Одан бөлек терапевт, хирург, балалар дәрігері және басқа да мамандар бар.
– Сондай-ақ 3 қыркүйек күні «Алтай» станциясында аталған әлеуметтік жоба аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мен Алтай ауданының шығармашылық ұжымдарымен бірлескен концерттік бағдарламасы өтті, - дейді аудан әкімдігі.
Қайырымдылық концерті Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Алтай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.