К 30-летию Независимости Казахстана | 10 октября 12:55

«Samruk Business Academy» басшысы тағайындалды

«Samruk Business Academy» жаңа басшысы болып Абзал Ерболғанов тағайындалды

 

Абзал Ерболғанов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Қаржы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша және 2019 жылы Барселонадағы бизнес-мектептің MBA бағдарламасын тәмамдаған. Заң саласында, сондай-ақ экономика және қаржы секторларында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдарда 5 жылдан астам тәжірибесі бар.

«Samruk Business Academy» – корпоративтік оқыту және HR-қызметтердің толық циклі саласындағы тәуелсіз орталық. Ол «Самұрық-Қазына» тобы үшін және нарықта қызметкерлерді дамыту, оқыту және консалтинг жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырады.