К 30-летию Независимости Казахстана | 10 ақпан 09:31

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалға алушылары зейнетақы жинақтарын қалай пайдаланады?

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ ресми сайтында үй-жайларды жалға алушылардың өз зейнетақы жинақтарын қалай пайдалана алатыны туралы түсіндірме берді, деп хабарлайды SKnews.kz.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да тұрғын үйді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша толық/ішінара өтеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану үшін келесілерді орындауы қажет:

«Отбасы Банк» «ТҚЖБ» АҚ-да немесе өзге уәкілетті операторда арнайы шот ашу; www.enpf-otbasy.kz платформасында БЗТ алуға өтінім беру; арнайы шотқа қаражат аударуды күту; тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатын көрсете отырып, info@fnsk.kz электрондық пошта арқылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға өтінішпен (өтініш нысаны қоса беріледі) жүгіну (жеке тұлғалардың өтініштері 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады). «Samruk-Kazyna Construction» АҚ берешек туралы анықтама береді. Берешек туралы анықтаманың сканерленген нұсқасын PDF форматында www.enpf-otbasy.kz платформасына жүктеу қажет. Уәкілетті оператор мақсатты растаған жағдайда, «Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ немесе өзге уәкілетті оператор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ деректемелері бойынша ақша қаражатын аударады. Уәкілетті оператордан ақшалай қаражат түскеннен кейін үй-жай толық мерзімінен бұрын сатып алынған жағдайда меншікке беру шартына қол қойылады, ішінара мерзімінен бұрын өтелген кезде жаңа өтеу кестесі жасалады (*дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа қосымша келісім жасалады).

Сондай-ақ, берешек қалдығын БЗТ қаражатынан ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде бірінші кезекте жалдау төлемдері бойынша дебиторлық берешек ұсталатынын, ал қалдық ішінара мерзімінен бұрын өтеу есебіне есептелетінін атап өткен жөн.