К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қараша 12:10

Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов: мектептер барлық жағынан жайлы болуы керек

Әр балаға білім алу, даму және шығармашылықпен айналысу үшін қолайлы орта қалыптастыру керек. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы бойынша өткен кезекті жиында айтты.

Мәулен Айманбетов орталық аппарат пен мердігерлерді мына мәселелерге назар аудару қажеттігін тағы бір қайтара ескертті:

Оқу-ағарту министрілігінің талабына сәйкес, әр жайлы мектепте директордың кабинеті кіреберісте орналасып, қабырғалары әйнектен жасалуы тиіс; киім ілетін орын ашық болмауы тиіс, оны мемлекеттік рәміздер орналасатын қабырғамен жапқан жөн. Бұл эстетикалық тұрғыда әдемі әрі кіреберіс дәлізді біршама кеңейтуге мүмкіндік береді; кіші және үлкен сыныптардың бөлек есіктен кіруі, бір-бірімен араласпауын міндетті түрде қаматамасыз ету қажет. Бұл қағида сырттағы спорт, ойын, workout алаңқайларына да қатысты; мектептердегі акт залының сахнасын 1,2 метрге кеңейту қажет. Оқушылар концерт не қойылым қойған кезде сахна тар болмауы тиіс.

 

Басқарма төрағасының айтуынша, жобалау сапасы мен жобалаушылар біліктілігінің төмендігі де өте үлкен мәселе. Сол себепті, барлық жобалаушы компанияларды жинап, қателіктерін көрсетіп, түзеттіру бойынша тапсырма берілді. Қажет болса, орталық аппараттағы жауапты мамандар өздері іске кірісіп, көмектесуі тиіс. Өйткені, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ үшін мектептің іші оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға барынша ыңғайлы болуы маңызды.

Жиын барысында атқарушылық құжаттаманы уақытында толтырып, жүктеу, орындалған жұмыстардың актілерін жауып, төлем алу мәселелері де талқыланды.