К 30-летию Независимости Казахстана | 10 ақпан 11:40

Samruk-Kazyna Construction жаңа мектептерді ұлттық нақышта салады

Компания 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының барлық аймағында 401 жаңа мектеп ашуды көздейді.

Жаңа ғимараттарды салуға отандық үздік инженерлер, сәулетшілер мен дизайнерлерді тарту, заманауи технологияларды қолданып салу жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттамаға ашық конкурс негізінде Samruk-Kazyna Construction интерьер дизайны мен сәулеттік шешімдерді әзірлеу кезінде бірқатар элементтің ұлттық нақышта болуын талап етеді.

Жайлы мектептерде бастауыш және орта сыныптар үшін бөлек блоктар болады

Мұндай шарттарды мердігерлерге Samruk-Kazyna Construction компаниясы – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының мақсатты құрылыс дирекциясы ұсынады.

Жаңа үлгідегі мектептерде бастауыш сыныптар үшін, негізгі және орта мектептер үшін буфет залдары бар асханалар, сондай-ақ спорт залдары (мектепалды даярлық сыныптары мен 1-4 сыныптар үшін, 5-11 сыныптар үшін жеке блоктарда) орналастырылатын бөлек блоктар болады. Бұл ретте, жайлы мектептердегі спорт залдарының саны мен ауданы стандартты үлгідегі білім беру мекемелерімен салыстырғанда 1,5-2 есеге ұлғайтылды.

 

Қазақстан оқушылары жайлы жағдайда өздерінің шығармашылық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік алады

Жаңа мектептерде оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу үшін трансформациялау мүмкіндігі бар көпфункционалды акт залы, сондай-ақ кітап қоймасы мен оқу залы бар кітапхана көзделеді, онда Кітап қорын сақтауға бағытталған температуралық режимнің заманауи технологиялары, медиатека, электрондық кітапхана, мекеменің әр қабатында оқуға және бос уақытты өткізуге арналған коворкинг-аймағы болады.

Еңбек оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жаңа буынның тиісті жабдығымен әмбебап шеберханалар мен шығармашылық студиялар, бастауыш кәсіптік білім беруге арналған кабинеттер (тігінші, аспазшы, IT-маман, ағаш ұстасы және басқалар) болады.

Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі-жайлы оқытудың кепілі

Мердігерлерге осындай талаптарды Samruk-Kazyna Construction компаниясы – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының нысаналы құрылыс дирекциясы қояды, оның шеңберінде 2025 жылға қарай ҚР барлық өңірлерінде 400-ге жуық жаңа мектеп құру жоспарлануда.

Қолайлы жағдайлары жоғары мектептер заманауи атаулы өрт-күзет жүйесімен, бейнебақылаумен, дыбыстық ескертумен және кіруді басқару жүйесімен, оның ішінде мекемеге кіре берістегі тұлғаларды танумен, сондай-ақ есіктер мен блоктарды бұғаттау жөніндегі функциямен (ТЖ туындаған кезде автоматты түрде) жарақтандырылатын болады.

Мұның бәрі жаңа буын білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.

 

Жаңа мектептер салу ел индустриясының дамуына серпін береді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының арқасында отандық құрылыс индустриясының дамуға үлкен жол ашылмақ. Құрылысқа жаңа технологияларды енгізу жеделдетіледі, құрылыс компанияларының талаптары мен жауапкершілігі артады, ұсынылатын құрылыс қызметтерінің сапа деңгейі айтарлықтай жақсарады, құрылыс материалдары мен техникалық жабдықтардың жаңа өндірістерін құруға шағын және орта бизнес ынталандырылады.

Сонымен қатар, жобаны іске асыру 60 мыңға жуық уақытша және 40 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ұлттық жобаны іске асыру халықтың еңбекпен қамтылуына үлес қосады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру елімізде 2 жылдан кейін орта білім беру объектілерін салу есебінен 100 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.