«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектеп тапшылығы мен оқушы орорындарының тапшылығы мәселесін кешенді шешуге бағытталған. 2023-2025 жылдары республика бойынша жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынады. Нәтижесінде 740 мыңға жуық оқушы орыны ашылады. Жобаның бірінші кезеңінде 217 мектептің құрылысы 2023 жылы басталса, екінші кезеңде, 2024-2025 жылдары 152 білім ошағын салу жоспарлануда.
Мектептер ең озық STEM зертханаларымен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық зал, демалыс және коворкинг аймақтарымен жабдықталады. Әр сыныпта интерактивті тақта және компьютерлер болады. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта жасалады, атап айтқанда пандустар, лифттер, арнайы дәретханалар және инклюзивті білім беру бөлмесі болады. Әр қабатта ауыз су бұрқағы орнатылып, әр оқушыда жеке заттарын сақтауға арналған шкаф болады. Жайлы мектептердің ауданы қарапайым жалпы білім беретін мектептердің көлемінен 15-20% үлкенірек болады, сондай-ақ техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге артады.
Ұлттық жобаның бірінші кезеңі аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектептерді жобалау, салу және жабдықтау бойынша мердігерлермен 166 келісім-шарт жасасты. 195 мектеп бойынша конкурс нәтижелері жария етілді. 9 мектепке қайта тендер жарияланса, 4 мектеп бойынша мердігерлер бір көзден келісім-шартқа отыру арқылы анықталады.
Жоба қала және ауыл оқушыларына бірдей жағдай мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бастаманың арқасында білім және құрылыс саласындағы мамандар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Нақтырақ айтсақ, 50 мыңға жуық уақытша жұмыс орны (құрылыс кезеңінде) және 40 мың тұрақты жұмыс орны (мектептер пайдалануға берілгеннен кейін) құрылады.
Жобалау сапасына ерекше назар аударылып жатыр. Көлемдік-жоспарлау шешімдері, техникалық жертөле, шатырды жобалау, техникалық қабаттың болуы немесе болмауы - осы мәселелердің барлығы балалардың қауіпсіздігі мен мектептің құрылыс сапасын қамтамасыз ету үшін мұқият талқыланып, қарастырылуда.
«Жоба соңғы қабылданған құрылыс мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта құрылыс алаңдарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар үш сейсмикалық және екі климаттық аймақ бойынша 31 типтік және 6 дербес ЖСҚ әзірленуде. Біз құрылыс жұмыстарымейілінше тез басталуы үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Біз үшін ұлттық жоба аясында барлық процедуралардың барынша ашық болуы өте маңызды»,- деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.
Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында материалдардың сапасына, инфрақұрылымға, заманауи мониторинг жүйесі мен мектеп аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Ата-аналар балаларының мектептегі қауіпсіздігі үшін алаңдамауға тиіс.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңызды басымдықтарының бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Мектептердің қажеттіліктерін объективті түсіну үшін аймақтарда сараптамалық топтар құрылып, олардың құрамына жергілікті атқарушы билік өкілдері, мұғалімдер мен мектеп директорлары кіреді.
«Білім беру жүйесінің дамуы мен балаларымыздың болашағын қамьтамасыз ету үшін қаржылық және материалдық ресурстарды ұтымды және жауапкершілікпен пайдалануға тырысып бағудамыз. Біз жобаны басқару, құрылыс барысы мен сапасын бақылау барысына алғаш рет жаңа тәсілдерді ендіріп жатырмыз. Индустрия бір орында тұрған жоқ, заман ағынымен жылжып келеді. Нормативтік-құқықтық актілер өзектендіруді талап етеді, бүкіл отандық құрылыс саласына реформа қажет. Сондықтан біздің міндетіміз – жобаны сәтті іске асыру арқылы құрылыс секторының дамуына қуатты серпін беру. Біз отандық кәсіпорындарды қолдауға және оларға өндірістік әлеуетті күшейтіп, кеңейтуге мүмкіндік беруге дайынбыз. Сонда миллиардтаған қаражат ел экономикасы мен халық игілігі үшін жұмыс істейді»,- деді Айманбетов.
Жоба аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар мен процестердің бәрі майшаммен қаралып, әр мектептің жобасы егжей-тегжейлі пысықталады. Бұл ең алдымен жоғары сапа стандарттарын қалыптастырады.