«Осы мақсаттар үшін Қоғам жалгерлерге (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) жылжымайтын мүлікті сатып алу құқығымен жалдаудың бұрын жасалған шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді 2020 жылғы 16 наурыз айынан бастап 17 тамыз айына (қоса алғанда) дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынды. Жалгерлер көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдерін 2021 жылғы 31 наурызға дейін төлеуі тиіс. Шарттарда көзделген өсімпұл мен айыппұл санкциялары есептелмейді, сондай-ақ кепілдік төлемнен есептен шығарылмайды» делінген ресми сайт хабарламасында.