К 30-летию Независимости Казахстана | 15 тамыз 08:29

Samruk-Kazyna Construction құрылысшыларды марапаттады

Құрылысшылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада жоғары кәсібилігі мен құрылыс саласына қосқан үлесі үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның 12 қызметкері марапаттарға ие болды.

Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі Уәли Махаббат Жұмабекұлы және Құқықтық сүйемелдеу департаментінің топ жетекшісі - бас менеджері Әбдіғалиева Гүлбаршын Пернеханқызы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Өңірлік даму департаментінің менеджері Айтмұратов Мұхамед-Әли Махмұтұлы, Сатып алуды басқару қызметінің бас менеджері Абишева Әсем Нұрланқызы, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаментінің менеджері Байсакова Әсел Қайратқызы, Инвестициялар, экономика және қазынашылық департаментінің бас менеджері Джилкайдар Камила, Жалдау төлемдерінің мониторингі департаментінің бас менеджері Кайкенова Ақсанат Қылышбекқызы және Активтерді пайдалану және сату департаментінің бас менеджері Цхе Вениамин Викторович «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жалдау төлемдерінің мониторингі департаментінің бас менеджері Жолтай Аміржан Асқарұлы, Жобалау және құрылыс департаментінің бас менеджері Свинтицкая Ирина Ивановна, Активтерді пайдалану және сату департаментінің бас менеджерлері Смаилов Рауан Серікұлы және Жұмабеков Нұрлан Мырзатайұлы «Samruk-Kazyna Сonstruction» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қоғам басқармасының төрағасы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Айманбетов Мәулен Зарлықұлы сала қызметкерлерінің жоғары маңыздылығын атап өтіп, олардың кәсібилігі болашақта Қоғам алдына қойылған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.