Бұл инновация өндірістік қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, жол салуға арналған сапасы жоғары материалдарды жасауға мүмкіндік береді.
Күкірт қышқылын өндіруден кейін қалатын күкірт қалдықтарын кәдеге жарату жобасы Жану проблемалары институты мамандарының қолдауымен Степногорск күкірт-қышқыл зауытының («SSAP» ЖШС) базасында іске қосылды.
Күкірт қалдықтарын пайдалана отырып шығарылатын күкірт-бетон өндірісі цемент пен суды қажет етпейді. Осылайша, аталған технология климаты қатал Қазақстанның жол құрылысы үшін таптырмас шешім болмақ.