К 30-летию Независимости Казахстана | 09 января 12:38

Samruk Kazyna Store электронды дүкені: 2025 жыл қорытындысы

 

SKSTORE.KZ — қазақстандық кәсіпкерлер «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобына тауарлар мен қызметтерді жеткізетін автоматтандырылған электронды алаң.

2025 жылдың қорытындысы бойынша платформа негізгі көрсеткіштердің өсімін көрсетті:

• жеткізушілердің 95%-ы — шағын және орта бизнес өкілдері, оның ішінде 60%-ы — жеке кәсіпкер.

• бір жыл ішінде платформа арқылы жалпы сомасы 38 млрд теңгеге 26 мың тапсырыс рәсімделді.

• қазақстандық өндірушілерден сатып алу көлемі 4 есе артты.

• жыл ішінде жалпы сомасы 13 млрд теңгеге 5 мың тапсырыс орындалды.

• платформадағы жеткізушілер саны 18 мыңға жетті.

• ассортимент 235 мыңнан 270 мың тауар карточкасына дейін кеңейді — 35 мың жаңа позиция қосылды.